22 қыркүйекте сағат 16.00-де Конгресс-Холлда XVІII Қазақстан халқы тілдерінің қалалық фестивалі өтеді. Биыл фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен көп балалы аналар және т.б. қатысады. Сонымен қатар, кеште Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Еске салайық, Елбасының 1998 жылдың 20 қаңтарындағы № 3827 Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекеленеді.