Домой Жаңалықтар Білім Отырарда ауылдық кітапханалар жаңа бағыт, жаңа сапаға көшті

Отырарда ауылдық кітапханалар жаңа бағыт, жаңа сапаға көшті

Отырарда ауылдық кітапханалар жаңа бағыт, жаңа сапаға көшті

img_6433Облыстық «Отырар» әмбебап — ғылыми кітапханасының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына мәдени тарту ретінде «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 модельді кітапхана» атты акциясы өз жалғасын табуда.

Аталған акция шеңберінде Отырар ауданының Маяқұм ауылындағы ауылдық кітапханасына «Модельді ауылдық кітапхана» статусы беріліп, жаңа заман талаптарына сай етілді. Шараға облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасынан арнайы өкілдері қатысып, «Маяқұм модельді ауылдық кітапхана» атты сертификатын табыс етті. «Модельді ауылдық кітапхана» дегеніміз — материалдық базасы нығайтылған, жүйелі түрде жаңа кітаптармен үзіліссіз қамтамасыз етіліп отыратын рухани орда. Модельді ауылдық кітапхананың мақсаты – ауыл тұрғындарына кітап қорымен қатар технологиялық – ақпараттық қызметтерді тосқауылсыз қолжетімді ету. Осы мақсатта үстіміздегі жылдың қазан айында қосымша Отырар ауданының Көкмардан және Қоғам елді мекендерінде де модельді кітапхана ашу жоспарланып отыр. Жалпы ауданда 25 ауылдық кітапхана болса, оларда 276 мың кітап қоры бар. Сонымен қатар, жыл басынан бері сегіз мың кітаппен толыққан. Ал жыл соңына дейін аталған кітапханаларға 12 мың кітап жеткізіледі деп жоспарлануда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here