Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Елбасы Н.Назарбаевтың жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік бағдарламалардың өңірімізде іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстардың барысын баяндаған облыс әкімі аймақтағы индустрияландыру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала мен мәдениет, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартудағы жұмыстарға тоқталды.
Халық қалаулыларымен болған есепті кездесуде аймақ басшысы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасының өңірлерді дамыту бойынша берілген тапсырмаларының орындалуы шеңберінде стратегиялық бағыттардың айқындалғанын жеткізіп, осы міндеттерді бірлесе жүзеге асыру керектігін айтты.