Домой Жаңалықтар Мәдениет Әнші Луина Түркияда өтіп жатқан танымал шоудың үшінші кезеңіне өтті

Әнші Луина Түркияда өтіп жатқан танымал шоудың үшінші кезеңіне өтті

Әнші Луина Түркияда өтіп жатқан танымал шоудың үшінші кезеңіне өтті

photo_20726Қазақстанның атынан әйгілі Rising Star Turkey шоуына қатысып жатқан отандық әнші Луина келесі турға өтті.

Луина екінші турда Алиша Киздің Empire State of Mind атты композициясын орындады. Оған тікелей эфир көрермендері мен бүкіл зал қолдау көрсетті, сондай-ақ әділ қазылар алқасының төрт мүшесі де дауыстарын Луинаға берді. Осылайша, ол күзде түрік телеарнасының эфирінде өтетін үшінші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, Rising Star — жаңа форматта өткізілетін интерактив шоу. Әнші сахнаға шыққан кезде алдында тұрған қабырғадан ол қазылар алқасын көре алмайды, бірақ қатысушы 70 пайыздан жоғары дауыс жинаса қабырға көтеріледі.

Бірінші кезеңде әнші Луина Beyonce-тың Halo композициясын орындап, 86 пайыз дауыс жинады. Еске сала кетейік, қазылар алқасы құрамында Мустафа Сандал, Демет Акалын, Ойку Сертер және Фуат сияқты Түркияның танымал тұлғалары бар.

tengrinews.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here