Қыркүйектің 19 мен 25 аралығында өтетін XI халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің байқау бағдарламасына 10 кинокартина енді.
Олардың ішінде: «Жат», режиссері Ермек Тұрсынов (Қазақстан), «Норвегия» Яннис Веслемес (Грекия), «Көктегі қоныс» Мирлан Әбдіқалықов (Қырғызстан), «Мустанг» Дениз Гамзе Эргювен (Франция, Германия, Түркия, Катар), «Сүйікті ісім» Адитья Викрам Сенгупта (Үндістан), «Набат» Эльчин Мусаоглу (Әзербайжан), «Мельбурн» Нима Джавиди (Иран), «Несие шегі» Саломэ Алекси (Грузия, Франция, Германия), «Мен Ноджюм, менің жасым онда және мен ажырасқанмын», Хадиджа аль-Салями Йемен (БАӘ, Франция), «Арвентур» Ирина Евтеева (Ресей).
Оған қоса, фестивальдің ашылу салтанатында Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмінің әлемдік премьерасы өтеді. Аталмыш туындының түсірілімі Нью-Йорк, Торонто, Дубай мен Бангкок қалаларында өткен болатын.