Домой Қоғам Астана Астанада көлік кешенінің даму үрдісіне қатысты конференция өтіп жатыр

Астанада көлік кешенінің даму үрдісіне қатысты конференция өтіп жатыр

Астанада көлік кешенінің даму үрдісіне қатысты конференция өтіп жатыр

14469603_755829301186652_5230722972219826547_nАстана қаласында алғаш рет «Қазмедиа орталығының» конференц-залында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана LRT» ЖШС Қоғамдық көліктің Халықаралық Одағымен (ҚКХО) бірлесіп,«Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» конференциясын өткізуде.

Конференцияның бірінші күні – Білім беруге арналды. Іс-шара барысында сөйлеген «Астана LRT» ЖШС-ның қызметкерлері барлық қатысушылардың жаңа білім алуына мүмкіндік  жасады. Сонымен қатар, бұл күнгі ақпараттың ауқымды бөлігі көлік саласындағы мамандар дайындайтын білім ордаларына бағытталды.

Конференцияның екінші күні ASTRA — Astana Transport Authority басқарушы көлік компаниясын жариялауға арналмақ.

Екінші күннің аясында оннан аса елдің жетекші сарапшылары мен транспорт холдингтерінің басшылары көлік саласындағы стратегиялық жоспарлау қағидаларын, жеңіл рельсті көліктің құрылыс технологияларын, жол ақысын электронды төлеуді енгізудің әлемдік тәжірибесін, ақылды автотұрақ жасаудың, жылжымалы құрамның жаңаруын, оқушылар тасымалын және қалалық такси қызметінің дамуын талқылайды деп күтілуде.

Еске сала кетейік,  «Astana LRT» ЖШС басқарушы компаниясы 2011 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Сол уақыттан бері көңіл көншітерлік бірнеше шаралар іске асырылып, оң нәтижесін беруде. Атап айтқанда:

1) Арнайы бағдарламалық жабдықтау арқылы барлық қоғамдық көліктерді бір орталықтан басқару жүйесі енгізілді.

2) «Astra Bus» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталмыш бағдарлама арқылы қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалыс бағдары мен нақты қай мекен-жайда келе жатқанын білуге болады. Айта кететін жайт, бұл қосымшаны 200 мыңға жуық адам жүктеп алып, 100 мыңға жуығы тұрақты түрде қолдануда.

3) Қозғалыс кестесін ұйымдастырып, көлік қатынасын реттейтін MTRAM қосымшасы жүйелі жұмыс жасауда.

4) Жыл соңына дейін елордамыздың қоғамдық көліктерінде жол жүру төлемінің электронды жүйесі енгізілетін болады. Жүйенің атауы — Astra Plat, көлік картасы – Astra Card болып аталады. Спикерлердің мәлімдеуінше, Astra Plat жүйесі жолаушылар үшін тиімді болмақ, себебі карта пайдаланушыларына түрлі бонустар берілетін болады. Мәселең, әрбір он бірінші жол жүру тегін және 60 минут ішінде бір автобустан екінші автобусқа тегін алмасып отыруға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here