Домой Жаңалықтар Білім Астанада білім, ғылым, мәдениет бойынша Азия парламентаралық форумы өтуде

Астанада білім, ғылым, мәдениет бойынша Азия парламентаралық форумы өтуде

Астанада білім, ғылым, мәдениет бойынша Азия парламентаралық форумы өтуде

20160922163238Астанада Азия парламентаралық форумы басталды. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады. Форумға 20 елдің Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелері қатысады деп күтілуде.

Аса маңызды шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам даму банкі (ИДБ).Форум аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) кіретін және кірмейтін мемлекеттерде ғылым, технология және инновация салаларында нормативтік-құқықтық база және ынталандырушы шаралар үлгісінде үздік зерттеулердің таныстырылымын өткізу көзделуде.

Ауқымды шараның мақсаты – ИЫҰ мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайту. Сонымен қатар, ИЫҰ мүше-мемлекеттердің экономикасы үшін үздік технологияларды енгізу, ғылымды дамытуға ықпал ету, білімге негізделген қоғам құру мәселелері де парламентшілер назарынан тыс қалмауға тиіс.Сондай-ақ, ұлттық инновация жүйесін нығайту, ғылыми-техникалық даму үшін жүйелік мотивация тетіктерін қосу бағыттарына да басымдық беріледі.

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) Ислам Конференциясы ұйымының мамандандырылыған мекемесі ретінде 1982 жылы 3 мамырда құрылған. ИСЕСКО штаб-пәтер Рабат қаласында орналасқан (Марокко Корольдігі).

Қазақстанның ИСЕСКО-мен ынтымақтастығы 1996 жылы Джакартеде өткен Сыртқы істер министрлерінің 24-ші Ислам конференциясында мемлекеттердің аталған ұйымға ресми қабылдануынан кейін басталды.Бұл ұйыммен әріптестікті ЮНЕСКО және  ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия үйлестіруге құқылы.

Айта кетейік, ИСЕСКО  ЮНЕСКО-мен бірлесіп  парламенттік форум өткізуді ұйымдастыруда белсенді серіктестік болып  табылады. Парламенттік ғылыми комиитеттердің рөлін нығайту немесе ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру,  инновациялық жүйе  кешендерінің арасында ынтымақтастық орнату саласында бірлесіп жұмыс атқарады.

Екі күндік талқылаудың қорытындысында  «Білім, ғылым және мәдениет саласында парламентаралық ислам ынтымақтастығын нығайту  бойынша Астана декларациясы» құжаты қабылданады. Айта кетейік, алғашқы парламенттік форум  2013 жылы Хельсинки қаласында (Финляндия)  «Ғылым, технология және инновация саласындағы саясат, парламентшілер пікірі» атты тақырыпта өткен болатын. Осы уақыт аралығында  әлемнің әр түпкірінде бірқатар форумдар өткізілді. Оның ішінде, Оңтүстік Азиялық және Оңтүстік шығыс  азия парламенттік форумдары, Африка парламенттік форумы мен Араб парламенттік форумы  жатады.

strategy2050.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here