Жезезнодорожный кентінде «25 ізгі іс» кең ауқымды акциясы барысында екі күн бойы профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар терапевт, онколог, окулист, отоларинголог, гинеколог, УДЗ-маманның және фтизиатрдың қарауында болды. Барлығы 644 адам тексерілді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, қанның құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтау бойынша экспресс-диагностиканы пайдалана отырып, консультативтік-диагностикалық қызметтер ұсынылды, флюорографиялық тексеру жүргізілді.
Денсаулықты сақтау және күшейту проблемасына назар аудару мақсатында адамдарға онкологиялық аурулардың, туберкулездің, қан айналымы жүйелері ауруларының, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.