Орта Азия аймағындағы елдердің жан-жақты байланысын нығайту, халықаралық диалог арқылы жалпы мәдени және жалпы тарихи құндылықтарды сақтау мақсатында «Жібек жолындағы жүздесулер» атты тақырыптағы жоба басталып, соның аясында Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында жиын өтті.
Шараға елімізге белгілі ғалымдар, халықаралық сарапшылар, Ресейдің, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Голландия мен Қытайдың көрнекті ғалымдары, Мәдениет және спорт министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптау кеңесінің және ғылыми-сараптау тобының, кафедрасының, сол сияқты этномәдени бірлестіктер мен БАҚ-тың өкілдері қатысты.
Жиынды мәдениеттанушы, қоғам қайраткері, «Жібек жолындағы жүздесулер» халықаралық жобасының жетекшісі Мұрат Әуезов жүргізді.
Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев аталмыш шараның Талдықорғанда өтуі бекер еместігін, өйткені Ұлы Жібек жолының Алматы облысының аумағы а
рқылы да өткені тарихтан белгілі екенін тілге тиек етті.
Жалпы, 2007 жылдан бері Орта Азия елдерінің қатысуымен өткізіліп жүрген бұл Халықаралық мәдени жоба биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.