Домой Жаңалықтар Білім Астанада «Болашақ» бағдарламасының ІІІ халықаралық конференциясы өтеді

Астанада «Болашақ» бағдарламасының ІІІ халықаралық конференциясы өтеді

Астанада «Болашақ» бағдарламасының ІІІ халықаралық конференциясы өтеді

owwa-ofw-dependent-scholarship-program2016 жылғы 7 қазанда Астана қаласында жыл сайынғы NAFSA халықаралық конференция-көрмесі үлгісінде «Болашақ» бағдарламасының Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair – 2016 (BARCEF-2016) ІІІ халықаралық конференциясы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – академиялық ұтқырлық, білім беру жобалары және алмасу бағдарламалары бойынша қазақстандық және шетелдік университеттер арасында халықаралық әріптестікті күшейту, мамандар даярлауда мүмкіндіктерді кеңейту және тиімді рекрутингті процесті жүргізу үшін кәсіби алаң құру.

BARCEF-2016 бағдарламасымен білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша конференция-форумды, шетелдік жоғары оқу орындарының таныстыруларын, қазақстандық оқушылар мен студенттер арасында білім беру көрмесін өткізу, сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдерге қол қою рәсімі қарастырылған.

Конференция-форум жұмысына білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Болашақ» бағдарламасының серіктестері (British Council, Campus France, Alliance française, DAAD және т.б.), «Жаһандық білім беру» (Сколково) және «Алғарыш» (Татарстан) стипендиялық бағдарламаларының өкілдері, 60-тан астам қазақстандықжәне шетелдік университеттер және де «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысады.

BARCEF-2016 «Radisson» қонақ үйінің базасында өтетін болады.

АНЫҚТАМА:

NAFSA конференция-көрмесі әртүрлі елдерде жыл сайын өткізіліп, бүкіл әлемнен 10 мыңға жуықбілім беру саласының сарапшыларын жинайды. Жоғары білім берудің өзекті моделдерін таныстыру жәнебілімдік серіктестікті дамыту мақсатындағы ірі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here