Домой Жаңалықтар Білім Жас физиктердің дәстүрлі олимпиадасы өтті

Жас физиктердің дәстүрлі олимпиадасы өтті

Жас физиктердің дәстүрлі олимпиадасы өтті

Павлодар облысында 2016 жылы 22 қыркүйекте дарынды балаларға арналған №3 гимназияда  физика пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.  Алты жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы Павлодар облысының барлық мектептерінен ең талантты оқушыларды жинайды. Олимпиадаға  Павлодар облысының Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен  аудандарының мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 69 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 І орынды  дарынды балаларға арналған  №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Драганчук Антон иеленді.

ІІ орын иегерлері —  дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Укибаев Ануар және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Абдығалиев Жандос.

 ІІІ орынға дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының  8 сынып оқушылары Темірғали Дінмұхаммед  және Қажмұрат Қадырәлі  ие болды.

Құрмет грамотасымен Аксу қаласы мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы  Мукушев Жанболат және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Сағиден Әлем марапатталды.

Олимпиада шеңберінде мұғалімдерге арналған физика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларын шешу бойынша оқыту семинары өтті.

edu.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here