Домой Қоғам Астана Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» конкурсы өтеді

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» конкурсы өтеді

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» конкурсы өтеді

994169795ac9eb4e61d25e42af9«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» қалалық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Конкурста мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі номинацияларда сайысқа түседі. Оған ересектер де, жасөспірімдер де, балалар да қатыса алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өтінімдер қазан айының 10-на дейін Ш. Иманбаева көшесі, 16 (№ 5, 22 кабинеттер) мекен жайы бойынша қабылданады.

Қалалық конкурстың іріктеу турлары қазан айында келесі номинациялар бойынша өтеді: «Үздік спортшы», «Жеңіске деген еркі үшін», «Үздік маман», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Үздік жасампаз», «Ең тату отбасы», «Алтын қауырсын».

– Егер мүмкіндігі шектеулі жанның жұмысы болса, ол алғыс хаттар алса, онда «Үздік маман» номинациясы бойынша, шығармашылықпен айналысып, жақсы жазатын болса, би билеп, ән салатындар да өз бағын сынайды. Номинациялардың бірі – «Ең тату отбасы», мұнда мүгедектігі бар адамның отбасының, туыстарының татулығын көрсетуге болады, – дейді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы ЖӨБ қызметін үйлестіру және арнайы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Илья Скуб.

Оның айтуынша, ерекше адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға көңіл бөлу қажет. Бұл конкурсқа белсенді түрде қатыса отырып, астаналықтар мүгедектігі бар басқа адамдарға үлгі болады.

Айта кетейік, конкурс 2013 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Толық ақпаратты 21-62-17, 21-22-61 телефондары бойынша алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here