Домой Қоғам ОҚО Қазығұртта аспазшылар байқауы өтті

Қазығұртта аспазшылар байқауы өтті

Қазығұртта аспазшылар байқауы өтті

600_114Қазығұрт ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Аспазшылар байқауы» өтті.

Бұл байқаудың мақсаты — кең көлемде түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара достық пен ынтымақтастықты нығайту және түрлі ұлт пен ұлыс аспаздарының шеберлігін арттыру болып табылады.

Байқауға ауданның 13 ауыл округінен 16 аспазшы қатысып, түрлі ас дайындалды. Негізінен аспазшылар қазақ, татар, өзбек, иран, орыс және ұйғыр тағамдарын дайындап, қазылар алқасына ұсынды. 

Ұлттық тағамдардан Қазығұрт ауылы округінің аспазшылары татар, орыс тағамдарының шебері атанса, Тұрбат ауыл округінің аспазшылары өзбек, ұйғыр тағамдары бойынша қарсылас шақ келтірмеді. Ал Қ.Әбдәлиев ауылы округінің аспазшылары қазақ, иран тағамдарын дайындаудан оқ бойы оза шапты.

Байқау барысында аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары концерт көрсетіп, байқауға өз үлестерін қосты. Жүлделі орындарға ие болған аспазшыларға аудан әкімдігі тарапынан сый-сияпат жасалып, 300-ге жуық көрерменнің көзайымына айналды.

ontustik.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here