Домой Қоғам Алматы Алматы облысында әкімдік отырысы өтті

Алматы облысында әкімдік отырысы өтті

Алматы облысында әкімдік отырысы өтті

a16aeec376d9b30e9848bf1c65423e24Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовтың төрағалығымен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтіп, онда өңірде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының іске асырылуы және облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жұмысы туралы мәселелер қаралды.

Негізгі баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев жасады. Ол өз сөзінде өңірдегі діни бірлестіктердің жұмысы, дін саласындағы ақпараттық насихат топтарының жастардың, түзеу мекемелеріндегі азаматтардың арасында жүргізетін жұмысын қолға алу, теолог мамандармен бірігіп жұмыс жүргізу сияқты көптеген мәселелер жайлы баяндады.

Сонымен қатар жарыссөзге облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Рахмет Есдәулетов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б. Ысқақ, жастар саясаты және басқа да азаматтар жарыссөзге шықты.

Жиынды соңында күн тәртібіндегі екі мәселеге байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов бірқатар тапсырмалалар жүктеп, отырыстың қаулысы қабылданды.

www.zhetysu.gov.kz.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here