Рио-де-Жанейрода өткен Паралипиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаеваға автокөлік пен 11,5 млн. теңгенің сертификаты табысталды. Бұл туралы Талдықорғандағы «Жастар» саябағында өткен Қала күні мерекесінде белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Автокөлік кілтін Алматы облысының әкімі А. Баталов тапсырды.
Салтанатты шара аясында облыс басшысы спортшылар Раушан Қойшыбаева мен Гүлбану Әбдіхалықованы құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, еңбектеріне табыс тіледі.
Осы күні күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаеваға Амандық Баталов жаңа автокөліктің кілті мен 11,5 млн. теңге ақшалай сыйлық тапсырды. Ал Паралипиадалық ойындарда 7-ші орыннан көрінген Гүлбану Әбдіхалықоваға 1,5 млн. теңгенің сертификаты берілді. Олардың жаттықтырушылары да назардан тыс қалмай, оларға да бағалы сыйлықтар ұсынылды.