Елбасы Н.Назарбаевтың әрбір өңірдің өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына орай, тау бөктерінде орын тепкен, дәрілік шөбі көп Кемербастау ауылында демалыс-емдеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Тамаша табиғат аясындағы орталықта саумал ішіп, таза ауада атқа мініп серуендеуге жағдай жасалған. Мұнда 244 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. 32 адам жаңа жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс жұмыстарына кәсіпкер 52 млн қаржы жұмсаған.
Осылайша, таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас өңірінде бүгінде бірнеше емдеу, сауықтыру орталықтары орналасып, жыл сайын сауықтыру орталықтарына келушілер саны артуда.