Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балабиевтың қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық арнаулы кәсіптік колледжінің мүмкіндігі шектеулі жастарының «Шырайлы-Шымқала» атты Шымкент қаласына саяхаты ұйымдастырылды, деп жазады ентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Саяхаттың мақсаты — Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шектеусіз аймаққа айналуы тиіс» деп көрсеткендей мүмкіндігі шектеулі жастарды Шымкент қаласымен, оның тарихы және мәдениетімен, демалыс орындарымен таныстыру.
Саяхат барысында жастар Шымкент қаласының көрікті жерлерімен, әсем ғимараттар мен жаңа іскерлік орталығы, саябақтармен танысып, шара соңында Шымкент зообағындағы жануарлар дүниесін қызықтап, жастар керемет күйге бөленді.
Ең бастысы – жастар саяхаттан өмірлік таным көкжиектерін кеңейтті, елімізге деген мақтаныш сезімдері артып, жаңа көзқарас қалыптастыра бастады, көңілдеріне қуаныш ұялап тарихи тағылымдарымызды жастар мәңгі жадында сақтап жүретін болды.