
Талдықорғанның төл мерекесі – қала күні қарсаңында қалалық әкімдік өкілдерінің Ұлы Отан соғысының ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, ақсақалдардың көңілін сұрап шығуы дәстүрге айналған.
Бүгін бұл игі іске Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қалық та үлесін қосып, Түлепқұлов Смағұл Шәріпұлы мен Кошкин Сергей Степановичті келе жатқан мерекемен құттықтап қайтты. Қос ардагердің қалын сұраған қала басшысы мерекелік сыйлықтарын табыстап, бастысы дендеріне саулық тілеп, ерліктің өшпес өнегесі болған қарияларға амандық тіледі.
Айта кетелік, қалыптасқан дәстүрге сай, қала әкімдігі мен оған қарасты бөлімдердің өкілдері, бұл үрдісті жалғастырып, алдағы уақытта Талдықорғандағы барлық ҰОС ардагерлерін қала күнімен құттықтап шығады.