Қыркүйектің 19-20 күндері Ақмола облысында Бүркітшілер сайысы өтеді. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған шараға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік көрсетіп отыр.
Сайыста 10 мемлекеттен келген бүркітшілер бақтарын сынайды деп жоспарланып отыр. Атап айтар болсақ, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғыз Республикасы секілді алыс-жақын шет елдерден келген бүркітшілер шеберлік байқасады.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші, бүркітші қыран құсын қоян және түлкіге салып аңшылық шеберлігін көрсетсе, келесі бөлімдерде құсын қолына қондырып, көкке еркін ұшыру секілді сатылардан өтеді.