Домой Жаңалықтар Мәдениет Ертең Алматыда «APPLE FEST» дәстүрлі алма фестивалі өтеді

Ертең Алматыда «APPLE FEST» дәстүрлі алма фестивалі өтеді

0
Ертең Алматыда «APPLE FEST» дәстүрлі алма фестивалі өтеді

almaЕртең Тұңғыш Президент саябағында өтетін «APPLE FEST» дәстүрлі алма фестивалі биыл да қызыққа толы мерекелік бағдарламаларымен ерекше есте қалмақ.

Алматылықтардың ең сүйікті мерекесіне орай ұйымдастырылатын «Аpple Базарға» биыл 100 тонна алма жемісі әкелінеді. Саябақ алаңдарында өтетін әртүрлі мәдени шаралар алматылықтардың демалыс күндерін көңілді өткізуіне септігін тигізеді. «APPLE FEST» аясында саябақ алаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін 11 мәдени шара ұйымдастырылады. Мереке күні көрермен парк алаңындағы арнайы бөлінген негізгі сахна, «Аpple ART», «Қазақ ауылы», «Қалалық дәм жәрмеңкесі» фестивалі, «Аpple FAMІLY», «Apple MUSІC», «Apple Dancе», «Аpple Драйв», «Apple Karaoke» аймақтарында мерекелік бағдарламаларды тамашалай алады. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ ауылы» көрерменнің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған алаңда киіз үйлер тігіліп, батырлар шеруін өткізу жоспарланған.

Мерекелік шаралардың картасы:

almatyday2015-applefest

www.almaty-akshamy.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here