Домой Қоғам Астана Елордалық ЖОО студенттері этникааралық келісімді дамыту мәселелерін талқылады

Елордалық ЖОО студенттері этникааралық келісімді дамыту мәселелерін талқылады

Елордалық ЖОО студенттері этникааралық келісімді дамыту мәселелерін талқылады

cЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дамытудағы жастар әлеуеті» атты студенттер конференциясы өткізілді. Конференцияның басты мақсаты — Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас саласындағы саясат туралы түсінік қалыптастыру, студент жастар арасында жалпыұлттық бірегейлікті және патриоттық тәрбиені кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, конференция қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға, жас ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту мәселесі мен этносаралық қарым-қатынас жүйесіндегі жастардың жобаларын кеңінен таныстыруға бағытталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов этносаралық қарым-қатынас жүйесіндегі ҚХА маңыздылығына тоқталды.

— Қазақстан халқы Ассамблеясы дегеніміз не?! Ол — симфониялық оркестр. Шын мәнінде, классикалық және симфониялық оркестрлер шамамен бірегей 50 аспаптан тұрады. Егер симфония музыкалық аспаптардан тұратын болса, онда дабылсыз симфония үні естілмеген болар еді. Осылайша біздің жағдайда, бұл дабыл кіші этникалық топ болып есептеледі. Сондықтан біз Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ауызға алған кезде, еліміздің симфониялық оркестріне айрықша үміт артамыз!»,- деді ол.

Елордалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне патриотизм мен ұлтаралық бірлік тақырыбына баяндама жасап, өз ой-пікірлерін айтуға мүмкіндік жасалды.

«Еліміздің әрбір адамы патриот бола алады. Ол үшін оның қазақ болуы шарт емес. Ең бастысы, барлық игілікті істерді ел игілігі үшін жасайсың, — дейді Қазақ МЗУ студенті Дален Рахимжанов.

Іс-шараны қорытындылаған Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова ұлттық бірлікті құруда жастардың орны айрықша екенін тағы бір мәрте атап өтіп, елордалық жастарды ҚХА қызметіне белсенді қатысуға шақырды.

—  Біз одақтастарды, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дамыту мәселесіне қатысты жастар арасынан өз достарымызды іздейміз. Этностардың тілін, мәдениетін құрметтей және дамыта отырып, біз өзімізді биікке көтереміз», — деді Л. Құсайынова.

Шара соңында конференцияға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here