Домой Жаңалықтар Білім Жыл соңына дейін Қазақстанда 6 мектеп пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін Қазақстанда 6 мектеп пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін Қазақстанда 6 мектеп пайдалануға беріледі

201610051000422015-2016 жылдары 96 білім беру нысандарына яғни, 77 мектеп пен 19 балабақша құру үшін 77,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, ОҚО және Алматы қаласы әкімшіліктерімен қаражат толық көлемде игерілгенін атап айтқым келеді. Бұл ретте ШҚО бойынша қаржы 80 пайыз, Астана қаласы бойынша 70 пайыз игерілді. Толық игерілмеу көбінесе мемлекеттік сатып алу қаражаттың үнемдеуімен, құрылыс жұмыстарының жұмыс кестесінен қалуымен байланысты. Бұдан басқа, Атырау облысындағы орта мектеп және ЩҚО-дағы балабақша жоспарланған уақыттан кеш іске асырылды», — деді министр.

Оның сөзінше, бүгінгі күні 43 білім беру объектісі, соның ішінде 29 мектеп (үш ауысыммен оқытуды жою үшін 22 мектеп және апатты мектептердің орнына 7 мектеп) және 14 балабақша салынды.

«Жылдың аяғына дейін қосымша 6 мектеп және 4 балабақша салынады», — деді Қ. Бишімбаев.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here