Дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы осымен тоғызыншы жыл өткізілді. Акция аясында еліміздің кішкентай азаматтарының тағдырына қызығушылық танытқан тұлғалар тегін көмек көрсетті.
Ағымдағы жылы Министрліктің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналды және «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілді.
Акцияның басты мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.
Акция 2016 жылғы 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында өтті.
Жылдан жылға көмек көрсетуге, қол ұшын беруге дайын азаматтарымыздың санының өсуі қуантады. Аталған акцияны ірі бизнес-компаниялар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, банктер, кәсіпкерлер, ұялы операторлар және қарапайым қазақстандықтар қолдады. Белсенді қатысушылардың қатарында «Нұр Отан» партиясы, орталық мемлекеттік органдар – Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Инвестициялар және даму, Сыртқы істер, Әділет, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктерін, сондай-ақ «Билайн» компаниясын, «Астана ЭКСПО» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «KZ» ҚҚ, «ДАР» ҚҚ, «Халық банк» АҚ және т.б. атап өтуге болады.
Акция қорытындысы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 321 424 бала 2 млрд. 468 млн. 785 мың 267 теңгеге (2015 ж. – 318 026 бала 2,2 млрд. теңгеге), материалдық және қаржылық көмек алды, соның ішінде демеушілердің атынан 223 948балаға 1 млрд. 801 млн. 95 мың теңгеге көмек көрсетілді (2015 ж. – 200 000 балаға 1,5 млрд. теңгеге көмек көрсетілді).
Материалдық көмекпен қамтылған балалардың саны бойынша Жамбыл (30057 бала), Қарағанды (29590 бала), Қызылорда (28137 бала), Ақтөбе (27004 бала) облыстары үздік көрсеткіштерге жетті.
Жиналған қаражат көлемі бойынша рейтингте Алматы облысы (427 млн.-нан астам), Қарағанды (281 млн.-нан астам), Оңтүстік Қазақстан (197 млн.-нан астам), Жамбыл (188 млн.-нан астам), Қызылорда (184 млн.-нан астам) және т.б. облыстар алдыңғы қатарға енді.
Акция шеңберінде балалар тиісті мектеп құралдарымен, киім-кешектермен (мектеп формасы, спорттық киімдер, аяқ киімдер және т.б.) қамтамасыз етілді.
Акция барысында барлық аймақтарда пресс-конференциялар, мектеп жәрмеңкелері, флешмобтар өтіп, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында кеңсе керек-жарақтары мен киімдерді жинау үшін арнайы сый сандықтар орнатылды.
Акция аясында 78 246 рейдтік іс-шаралар өткізілді (2015 жылы – 50 513 рейд). Рейд барысында пәтерлерді, соның ішінде қолайсыз отбасылардың үйлерін, саяжайларды, фермерлердің шаруашылықтарын, базарларды, үйлердің жертөлелерін, автожуғыштарды, автокөліктерге жанармай құю станцияларын, ойын-сауық мекемелерін, компьютерлік салондарды аралау ұйымдастырылды.
Рейдтерге 81 423 білім беру және балалардың құқықтарын қорғау органдарының өкілері, соның ішінде мұғалімдер, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ата-аналар қауымдастығының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан (2015 ж. – 70 мың).
Әртүрлі саладан тартылған қызметкерлердің саны бойынша акция Қарағанды (17952), Солтүстік Қазақстан (11360), Қостанай (10168) облыстарында және Алматы қаласында (6232) кеңінен қарқын алды.
Нәтижесінде түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген 36 018 кәмелетке толмаған бала анықталып, үйлеріне қайтарылды (2015 жылы – 3588 кәмелетке толмаған бала). Осы балалармен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың сабақтағы үлгерімі, бос уақытының ұйымдастырылуы білім беру ұйымдары тарапынан қатаң бақылауға алынды, қажеттілігінше, оларға педагог, мектептің әлеуметтік педагогтары мен психологтары тарапынан кеңес беру және моральдік қолдау көрсетіледі.
Пәтерлерге бару кезінде акцияның барлық кезеңі бойынша әлеуметтік себептермен мектепке бара алмай жүрген 68 кәмелетке толмаған бала анықталды, олардың барлығына көмек көрсетіліп, олар мектепке қайтарылды.
Акцияның барлық кезеңінде халықтың назарына 738 бағдарлама, сұхбат, бейнесюжеттер (2015 ж. — 600) әзірленіп, 1 385 мақала жарық көрді (2015 ж. – 1300), радиода 246 баяндама баяндалды, 24 598 бірлік плакат, үндеухат, кітапша және баннерлер басып шығарылды (2015 ж. – 25 000). Сонымен бірге, «Мектепке жол» акциясының барысы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпараттандыратын, акция шеңберінде өтетін қайырымдылық іс-шаралаларға қосылуға шақыратын ақпараттық стендтер әзірленді.
Акцияға ақпараттық қолдау көрсетуде ең ауқымды ақпараттық жұмыстар Оңтүстік Қазақстан (183бағдарлама және сұхбат берілді, 314 мақала жарияланды), Қарағанды (151 бағдарлама және сұхбат берілді, 65 мақала шықты), Павлодар (16 бағдарлама және сұхбат, 133 мақала шықты), Алматы (132бағдарлама және сұхбат, 10 мақала шықты) және т.б. облыстарында кеңінен жүргізілді.
Жалпы, былтырғы «Мектепке жол» акциясының қорытындыларымен салыстарғанда көптеген көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалады. Мәселен, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көмек көрсетілген балалардың саны 3 398 балаға өсті (2015 ж. 318026 баладан 2016 ж. 321424 балаға дейін), жиналған қаражат көлемінің өсуі 268 млн. 785 мың теңгеден артты (2015 ж. 2,2 млрд. теңгеден 2016 ж. 2 млрд. 468 млн. 785 мың 267 теңгеге дейін), сонымен қатар, демеушілердің бөлген қаражаттары 300 млн. тенгегеұлғайды (2015 ж. 1,5 млрд. 2016 ж. 1 млрд. 801 млн. 95 мың теңгеге дейін).
Сонымен бірге, рейдтік іс-шаралардың саны 27 733 бірлікке өсті (2015 ж. 50513 рейдтен 2016 ж. 78 246рейдке дейін). Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясының рейдтік іс-шараларына тартылған білім беру және балалардың құқықтарын қорғау органдарының өкілдері, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау және т.б. органдары өкілдерінің саны 11 423—ке дейін артты (2015 ж. 70 000 өкілден 2016ж. 81 423 дейін).
Акция өткізілген тоғыз жыл ішінде 2 млн. 345 мың 812 бала жалпы 15 млрд. 79 млн. 842 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы акцияға қатысып ат салысқан, әрбір азаматқа, мекемелер мен ұйымдарға, өз Отанының нағыз патриоттарына тәрбиелі, білімді азамат өсіруде қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді. Осы жұмыстардың барлығы бүлдіршіндеріміздің болашағы үшін жүргізілуде. Бұл — болашақта еліміздің тыныштығы берік, дамуы қарқынды болуының кепілі. Әрбір отбасында балалар саны артып, шаңырақтарыңыз шаттықа толып, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін!