Домой Қоғам Астана Астанада Қарағанды облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада Қарағанды облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада Қарағанды облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада Қарағанды облысының күндері аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, аймақ кәсіпорындары саудаға 840 тонна өнім шығарды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өндірушілердің айтуынша, тауардың сапасы жоғары және бағалары тиімді – базардағы бағадан 15-20% төмен. Жәрмеңкеде облыстың 9 ауданы мен 4 қаласындағы жергілікті кәсіпорындары ет, сүт, балық және шұжық өнімдерін, көкөністер ұсынуда, дейді Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері.

Жәрмеңкеге Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен елорда әкімі Әсет Исекешев те келді. Қала басшысы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

— Біздің аймақтың ерекшелігі – біздің Астана қаласының азық-түлік белдеуіне кіретіндігімізде. Біз жәрмеңке аясында ғана емес, сондай-ақ жыл бойы өз өнімдерімізді елордаға жеткізіп отырамыз. Бұл үшін 5 аудан мен 5 қаласы бекітілді. Бүгінгі жәрмеңке Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған. Оған 131 шаруа қожалығы, 16 өңдеуші қатысуда. Ауылда шығарылғанның бәрі көпшілікке ұсынылды, — деді Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Юржан Бекхожин.

Ет пен сүт өнімдеріне сұраныс жоғары.

Жәрмеңке барысында бауырсақ пен қымыз фестивалі, концерт өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here