Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Абдалиeвтi еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Ересектер арасындағы жарысқа 161 былғары қолғап шебері келген. Спортшылардың кездесуіне халықаралық дәрежедегi мамандар төрелiк етедi.
Жарыстың ашылу салтанатына танымал спорт ардагерлерi мен ұлттық құраманың бас бапкерi М.Айтжанов та арнайы келген. Өйткенi, 37-шi рeт жалауы көтерiлген бұл доданың тамыры тереңге жайылған. Ал бұл жолы жеңiске жеткендер «Спорт шеберi» атағына иe болады.