Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында көшпелі жиын өткізді

ОҚО-да «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында көшпелі жиын өткізді

ОҚО-да «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында көшпелі жиын өткізді

60000_1ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында көшпелі отырыс өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова бастаған Қаржы және бюджет комитетінің мүшелерінің алдында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Дәулет Ерғожин баяндама жасап, кедендік рәсімдеу кезіндегі туындайтын өзекті мәселелер мен салық және кеден заңнамаларына өзгертулер енгізу жайында ой бөлісті.

Шара кезінде, депутаттар кеденшілердің жұмыс барысымен танысып, тәуекелді басқару және «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйелерін көрді. Сондай-ақ, кинологтар қызметтік иттерінің тосын жағдайда әрекет ету сәттерінен оқу-жаттығу жұмыстарын тамашалады.

Мұнан соң, халық қалаулылары «Оңтүстік» индустриалдық аймағында болып,  ондағы көрме орталығын аралады. Индустриалды аймақта шығарылатын өнімдерді көріп, сапасын жоғары бағалады. Аталған аймақтың серіктестік жетекшілермен кездескен жұмыс тобы кәсіпкерлердің ісіне сәттілік тіледі.

«Болашақта Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы сауда орталығын ашу жоспарымыз бар. Онда тек Оңтүстік өңірінде жасалып, шығарылған өнімдер мен тауарлар ғана саудаланатын болады. Бұл өз кезегінде, біздің облыста шығарылатын өнімдерді халыққа танытуда үлкен рөл атқаратын болады», — облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, өндіріс орындарын аралау кезінде Мәжіліс депутаттары шыныдан жасалған ыдыстар шығарумен айналысатын «Еврокристалл» ЖШС-нда болды. Жобалық қуаттылығы 60 млн. дана шыны шығаруға қауқарлы зауытта 150 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, халық қалаулылары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем фабрикасының өнімдерін көрді. Жоғары сапалы кілем өнімдерін шығарумен айналысатын серіктестік жетекшілігі кілемдерді экспортқа көптеп шығару ісінің қолға алынып жатқанын жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here