Домой Қоғам Астана Елордада танымал спортшылар дене шынықтыру сабағын өткізді

Елордада танымал спортшылар дене шынықтыру сабағын өткізді

Елордада танымал спортшылар дене шынықтыру сабағын өткізді

Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова мен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко №35 мектеп-лицейінде «Физкульт-Ура!» әлеуметтік жобасы аясында сабақ өткізді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оқушылар спортшылар мен кәсіпқой нұсқаушылардың жетекшілігімен жаттығу жасап, эстафета ойнады.

—  «Астана» Президенттік клубы осы жобаның авторы, сабақтарымызды ұдайы жаңғыртып отырамыз. Оқушылар бойына күш-қуат жинайды, қарапайым мұғалім ретінде келген бұрын теледидардан көрген спортшылармен бірге жаттығады, — дейді «Астана» Президенттік клубының спорттық менеджері, олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Сабақ барысында Гюзель Манюрова әр оқушыға көңіл бөлуге тырысты.

—  Балалар, мен бәріе де жақсы баға алуды және жақсы көңіл күй тілеймін. Жаттығу жасап жүру керегін ұмытпаңдар, — деді  спортшы.

Сабақ соңында фотосессия ұйымдастырылып, оқушыларға естелік ретінде чемпиондардың қолы қойылған күнтізбелер таратылды. Сонымен қатар, оқушылар танымал спортшыларға өздерінің сұрақтарын да қойды.

—  Жетістікке жеткен адамдарды шақырғанымыз дұрыс. Олар бізге көп нәрсе үйретеді, өздерінің жетістіктері, қайдан қуат алатындары жайлы айтып берді. Олимпиада кезінде Гюзель үшін қатты уайымдадым, ол маған ұнайды, болашақта Денис Теннің дене шынықтыру сабағына қатысқым келеді, — дейді 6 «г» сыныбының оқушысы Камила Сыздықова.

Айта кетейік, «Физкульт-Ура» жобасы елордада сәуір айынан бастап сәтті іске асырылып келеді. Бұған дейін Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко дене шынықтыру сабақтарын өткізген болатын. Ұйымдастырушылар жоба ауқымын кеңейтіп, отандық спортта үлкен жетістіктерге қол жеткізген жаңа танымал тұлғаларды барша Қазақстаннан тартуды жоспарлап отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here