Домой Қоғам Астана Қостанай облысының тауар өндірушілері елордаға 400 тоннаға жуық өнім әкелді

Қостанай облысының тауар өндірушілері елордаға 400 тоннаға жуық өнім әкелді

Қостанай облысының тауар өндірушілері елордаға 400 тоннаға жуық өнім әкелді

Қалалық алаңда Қостанай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шараға өңірдің 14 ауданы мен 3 қаласынан 74 кәсіпорын қатысуда. Жалпы облыстан елордаға 400 тоннаға жуық түрлі өнім әкелінді, соның ішінде, көкөніс, ет, сүт және нан өнімдері және т.б.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің бағасы базардағыдан орта есеппен 15-20% арзан. Елорда әкімі Әсет Исекешев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынылған тауарлардың сапасы мен әралуандылығына көз жеткізді.

—  Біздің жәрмеңке қалалық алаңда өтіп жатыр, жақын маңда зейнеткерлер, бюджеттік сала қызметкерлері көп тұрады, олар бірнеше айға деп, өнімдерді артығымен сатып алуда. Өйткені біздің өнім сапалы әрі базар мен гипермаркеттерге қарағанда 15% арзан. Айта кетейін, біз жәрмеңкемен ғана шектелмейміз, азық-түлік өндірушілер мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімізді қалалық базарларға, гипермаркеттерге делдалсыз тікелей шығару үшін Астана қаласының әкімдігімен меморандумға қол қойылды, — деді Архимед Мұхамбетов.

Оның айтуынша, келесі аптада 10-15 ірі ауыл шаруашылық тауар өндірушімен азық-түлікті Астанаға тікелей жеткізу бойынша келісім жасалады.

Қостанай облысының әкімі өңірдің алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты жоспарларымен де бөлісті.

—  Қостанай өңірі ЭКСПО көрмесіне азық-түлік жеткізіп қана қоймай, қонақтарды да қарсы алатын болады, біздің туристік маршруттарымыз жақсы, — деді Архи­мед Мұхамбетов.

Қостанай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бүгін және ертең – 15-16 қазанда өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here