Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да 500-ге жуық модульдік үйлердің құрылысы жүрмек

ОҚО-да 500-ге жуық модульдік үйлердің құрылысы жүрмек

ОҚО-да 500-ге жуық модульдік үйлердің құрылысы жүрмек

600_131Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС-нда болып, серіктестіктің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы корпорацияның модульдік үйлер өндіріс зауытында болып, баспана соғудың жаңа тәсілімен танысты. Жылына 1 мың дана үй салуға қауқарлы «Ak Ordasy Duilding» ЖШС-нда 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Зауытты аралау кезінде корпорация төрағасы Ибадулла Қалыбеков облысымызда американдық тәсілмен салынатын 500 үйдің құрылысын жүргізуді ұсынып, оны қысқа мерзімде және арзан бағаға салуға болатынын, сондай-ақ, баспана маңынан жылыжай салынатынын түсіндірді. Аталған жобаның тиімділігімен танысқан Жансейіт Түймебаев ұсынысты қолдап, әкімдік тарапынан қажетті көмектің көрсетілетінін, тіпті, мұнда дуальді оқыту жүйесі аясында студенттер жұмыспен қамтылуы керектігін жеткізді.

Мұнан соң, жұмысшы топ серіктестіктің көлемі 12 гектар болатын көкөніс жылыжайларын аралап, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру технологиясын көрді. Негізінен, қызанақ пен қияр өсірумен айналысатын еншілес компания өнімдерін Шымкенттен бөлек, Қарағанды мен Астанаға саудалайды. Өнімдердің голландиялық және израильдік сұрыптары жайқалған жылыжайларды аралау барысында корпорация жетекшілігі тарапынан айтылған Оңтүстіктегі жылыжай кластерін дамыту ұсынысы да аймақ басшысымен қолдау тауып, таяу арада облыста тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылатын болды.

Сондай-ақ, облыс әкімі бастаған топ серіктестіктің газоблок шығаратын зауытында болып, көкөніс сақтау қоймасын аралады. Сондай-ақ, таяуда іске қосылатын полиэтилен өнімдерін шығару зауытын көріп, корпорацияның еншілес компаниясы құрылысын жүргізген көпқабатты үйдің сапасын бақылады.

Айта кетейік, нарықта соңғы 10 жылдан бері жұмысын жандандырып келе жатқан «Ақ Ордасы корпорациясының» түрлі салалар бойынша жұмыс істеп келе жатқан 13 еншілес компаниясы бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here