Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Лос-Анжелесте өткен биылғы ЭММИ сыйлығында GOT (Game of Thrones / Тақтардың ойыны) «Үздік драмалық сериал» атағын жеңіп алды. Соңғы 2 жылда Breaking Bad сериалынан оза алмай жүрген GOT биылғы ЭММИде 12 жүлде жинап, рекорд істеп кетті.
Үздік драмадан бөлек Дэвид Бениофф и Д.Б. Уайсс «Үздік драма сценарийі» атағына лайық деп танылды. Сондай-ақ Дэвид Наттер «Үздік драма режиссурасы» номинациясын жеңді. Ал, Тирион Ланнистер ролін сомдаушы Питер Динклэйдж «Екінші пландағ үздік актер» атағын жеңіп алды. Бұлардан басқа «Үздік дыбыс», «Үздік визуал эффект», «Үздік драма кастингі», «Үздік дизайн» сияқты техникалық номинациялар да GOT сериалына бұйырды.