Домой Жаңалықтар Мәдениет Ыстамбұлдағы Bala Turkvizyon байқауында Қазақстан намысын Еркін Тұрсынхан қорғайды

Ыстамбұлдағы Bala Turkvizyon байқауында Қазақстан намысын Еркін Тұрсынхан қорғайды

Ыстамбұлдағы Bala Turkvizyon байқауында Қазақстан намысын Еркін Тұрсынхан қорғайды

DSC_628012 жастағы Қарағанды облысының тумасы Еркін Тұрсынхан Bala Turkvizyon ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынында жеңімпаз деп танылды. Енді ол Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін халықаралық байқаудың гранд-финалында ел намысын қорғайтын болады. 

«Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сыны өз мәресіне жетті. Жеңімпаз көрермендердің дауыс беруі және әділ қазылар алқасының таңдауы арқылы анықталды. Қазақстанға еңбегі сіңген артист Майра Мұхамедқызы бастаған әділ қазылар алқасының құрамында ақын Қалқаман Сарин, «Хабар» телеарнасының бас продюсері Ринат Думанұлы, композитор Ренат Гайсин мен Арман Дүйсенов, әнші Жанар Дұғалова мен Нұрлан Қаражігітовтер болған еді.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні ұлттық байқаудың жартылай финалдық кезеңі өткен болатын. Көрермендер мен әділ қазылар 20 дарынды әншінің ішінен сегізін іріктеп алған. Сол 8 баланы қолдау үшін Астанадағы концерт залына олардың ата-аналары мен туыстары, жанкүйерлері және «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының негізін қалаған Әлия Назарбаева да келді. Әлия Нұрсұлтанқызының «Жандану әлемі» қоры осынау өнер байқауының ұйымдастырушысы екенін де айта кеткен жөн.

Еркін Тұрсынхан Жезқазған қаласының тумасы. Қарағанды облысы бойынша өткен іріктеу кезеңде оның алдына түсер әнші болған жоқ. Бір қызығы, жас таланттың арнайы музыкалық білімі жоқ. Тек, бойындағы өзіндік дарынының арқасында ол дүйім жұртты өз аузына қарата білді.

Бүгінгі өткен ақтық сында Еркін «Самға» әнін шырқады және дәл осы әнді Стамбұлда өтетін халықаралық байқауда да миллиондаған тыңдарманның алдында айтатын болады деп күтілуде.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here