Тимур Бекмамбетов продюсер, ал Илья Найшуллер режиссер болған «Хардкор» фильмі Торонтодағы халықаралық кинофестивалде марапатталды.
Фильм экшен, фантастикалық, қорқынышты фильмдер арасында үздік деп танылды. Фестивальдің өзге де марапаттары секілді жеңімпазды көрермендер дауыс беру арқылы анықтады.
Айта кетейік, «Хардкор» фантастикалық экшені – атыс-шабыс жанрында толығымен бірінші тұлға атынан түсірілген алғашқы туынды. Кинофестиваль барысында көрермендер сондай-ақ Ридли Скоттың «Марсианин», Дени Вильневтің «Жалданушы», Питер Соллеттің «Мұрагерлікке құқық», Том Мак Картидің «Басты назарда», Джослин Мурхаустің «Тігінші әйел» туындыларын тамашалады.