Домой Қоғам Астана Астанада әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша Ашық есік күні өткізіледі

Астанада әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша Ашық есік күні өткізіледі

Астанада әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша Ашық есік күні өткізіледі

cЕртең, қазанның 17-і — Бүкіләлемдік сүт безінің қатерлі ісігі жөнінде ақпараттандыру күні елорданың Онкологиялық орталығында (Манас к-сі, 17) сағат 11.00-де онколог, маммолог мамандардың қатысуымен әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, алдын алу бөлімінің және салауатты өмір салтын ұйымдастырушы дәрігерлер үшін: «Сүт безінің қатерлі ісігі. Ерте анықтау» тақырыбында қалалық семинар өткізіледі.

Астана қ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарлауынша, Астана қаласында аталған індетпен ауыру көрсеткішінің 165,8-ден (2014ж) 198,4-ге дейін (2015ж) өсу үрдісі, және өлім-жітім көрсеткішінің 100 мың халыққа шаққанда 82,8-ден 86,6-ға дейін өскені байқалып отыр.

Атап өтерлігі, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде онкологиялық ауруларды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу бағытында белсенді негізде жұмыс жүргізілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here