ҚР Білім және ғылым министрлігінде Астана қаласы мектептерінің басшыларының және мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, өңірлердегі қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі штаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында ата-аналар қауымдастығының балаларды көркем-эстетикалық, шығармашылық дамыту, компьютерлендіру процестерін, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың жұмыс кестесін ескере отырып, қауіпсіздік техникасын сақтау жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша сұраныстары ескерілді. Осы мақсатта Үлгі штаттарына келесі мамандарды енгізу ұсынылды (мектепке дейінгі ұйымдардағы топтар санына байланысты):
— педиатр дәрігер;
— логопед;
— хореограф;
— компьютерлік және ұйымдастырушылық техникаға қызмет көрсетуші маман;
— кезекші топтың тәрбиешісі және тәрбиешінің көмекшісі;
— іс жүргізуші (архивариус);
— тігінші;
— қаупсіздік техникасының инженері;
— мектепке дейінгі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейту және оны сапалы орындау мақсатында бухгалтер лауазымын бас бухгалтерге ауыстыру ұсынылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық құжаттары, соның ішінде Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді елімізде білім беру мазмұнының жаңартылуына байланысты қажет етеді.