Домой Қоғам ОҚО ОҚО-дағы «Максимум» АИО-ның атауы «Оңтүстік» деп өзгерді

ОҚО-дағы «Максимум» АИО-ның атауы «Оңтүстік» деп өзгерді

ОҚО-дағы «Максимум» АИО-ның атауы «Оңтүстік» деп өзгерді
600_137Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Оңтүстік» брендін қалыптастыру аясында қаржы орталығында жүргізілген ребрендинг жұмыстарының нәтижесінде, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының атауы «Оңтүстік» деп өзгертілді. «Аймақтық инвестициялық орталығы» деген сөз сол күйінде сақталып қалды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Енді компания атауы қазақ тілінде «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС деп аталса, орыс тілінде ТОО «Региональный инвестиционный центр «Оңтүстік», ағылшын тілінде LLP «Regional Investment Center «Ontustik» аталатын болды.
Ал серіктестіктің банк реквизиттері, мекен-жайы, байланыс телефондары және өзге де деректемелер өзгеріссіз қалды.
Айта кету керек, компания атауының өзгеруі қайта ұйымдастыруды білдірмейді және орталық атауы өзгергенге дейінгі өз құқықтары мен міндеттерін әрі қарай да жалғастырады. Аталған өзгеріс «Оңтүстік» АИО мен клиенттер арасындағы заңдық келісімдерге әсер етпейді, олар өз күшінде қалады.
Сонымен қатар, компанияның ресми сайты және әлеуметтік желідегі ресми парақшалары қаржы орталығының жаңа логотипіне негізделе отырып, қайта жасалуда. Компанияның жаңа атауы ұйымның қоғамда атқаратын қызметін айшықтай отырып, қазіргі жұмысына жаңа серпін береді деп күтілуде.
Ал ұлттық ою-өрнек элементімен, алтын реңктерден жасалынған жаңа логотип тұрақтылық пен әсемдік көрінісін береді және компанияның оң имидж қалыптастыруына, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық нарығында жылдам танылуына ықпал етеді деп жоспарланып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here