21 қазан күні «Астана Опера» МОБТ сахнасында қазақстандық дарынды музыканттардың жаңа буыны Рахат-Би Әбдісағин, Азат Мәлік, Назым Сағынтай, Қалқаман Дүйсенбаевтардың қатысуымен «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді, Олардың есімі шетелде кеңінен танымал.
Мысалы, Рахат-Би Әбдісағиннің жасы небары 17-де, алайда ол 100-ге жуық шығарманың авторы атанып үлгерді. Қазақстандық композитор түрлі бағыттар мен стильдерде жұмыс жасайды.
«Біздің қазіргі заманғы қазақстандық композиторлардың заманауи музыканың жаңа қырларын ашып, осы стильде өздерін таба білгені қатты қуантады. Көрерменді бұл шығармалардың мәнін түсініп, қызық үйлесім тапқан бояуларды тыңдап, музыкалық бейнелеу арқылы шығарманың терең идеялық мазмұнын сезіну мүмкіндігі күтіп тұр», — дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова.
Кештің мазмұнды бағдарламасына Рахат-Би Әбдісағиннің Германия, Венгрия, Австрия және тағы басқа елдердің көрерменін таң қалдырған шығармалары енгізілді. Виолончель мен фортепианоға арналған «Light at the end of tunnel». Ш. Айтматов әңгімесінің желісімен жазылған фортепианоға арналған «Rondine Piangente» («Жыл құсының жылауы»).
Рахат-Би Әбдісағиннің музыкасын Александр Тараскин (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Данияр Есімханов (фортепиано), Айдар Фазылов (вибрафон) орындайды. Фортепиано партиясында — Раушан Бескемпірова.
Концерттің басталуы 19:00-де, билет құны — 2000 теңге.