MUZZONE телеарнасының IV Еуразиялық музыкалық EMA-2015 сыйлығының лауреаттары белгілі болды.
«Үздік орындаушы» аталымы бойынша Айқын Төлепберген Қайрат Нұртас пен Әли Оқаповты артта қалдырып, жеңіске жетті. Ал әйелдер арасында Жанар Доғалова ең үздік әнші деп танылды. Онымен бірге Калия мен Азалия бақ таластырды. Ерлер арасында «Ең үздік ұжым» деген атақ All Давай тобына бұйырды. Ал әйелдер арасында мұндай титул «КешYou» тобында. Ұйымдастырушылар «Үздік ұжым» аталымын Project Zenit тобына беруді шешті. Сонымен қатар, «Еуразияның үздік әртісі» деген атақты «А-Студио» тобы еншіледі.
Жылдың үздік бейнебаяны: Диана Шарапова/Ақылбек Жеменей — Өтеді алдан бір бейне
Үздік ән: Серік Ибрагимов — Жаяу
Жыл жаңалығы: NURI
Үздік дуэт: Дильназ Ахмадиева/Мақпал Исабекова
Үздік хип-хоп жоба: Yunus Pers
Шараның арнайы қонақтары — ресейлік Инь-Ян, Serebro топтары, өзбек орындаушысы Шахзод пен «Евровидение» байқауына Израильдің атынан қатысқан Эдди Батлер. Шоуды Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова мен «Орыстар» жобасының қатысушылары жүргізді.
Шараның басында Батырхан Шүкеновті еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Биыл ұйымдастырушылар 10 негізгі және 10 арнайы сыйлықты табыстады. Олардың арасында Батырхан Шүкеновтің атындағы сыйлық бар. 2013 жылы бұл сыйлық осы музыкантқа берілген еді. Биыл бұл сыйлыққа әйгілі өнер иесінің есімі берілді.