«Жібек жолы» автошеруінің қатысушылары Қазақстан астанасына келеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі және «Бәйтерек продакшн Өндірістік Орталығы».
2015 жылдың 8 тамызында Шанхай ЭКСПО (Қытай Халық Республикасы, Шанхай қаласы) орнынан басталған «Жібек жолы» автошеруі бес ел арқылы өтіп, сапарын Милан қаласында (Италия) аяқтайды.
Автошеру қатысушыларын ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, «Жібек жолы жаңа экономикалық белдеуінің» хатшысы Xing Jun, Қазақстандағы ҚХР елшісі, «Синьхуа» информациялық агенттігінің корреспонденттері, «Beijing UNIQUE Exhibition Co., Ltd.», «Zhong Guang De Feng Culture Investment (Beijing) Co., Ltd.». «Foshan Baozhuan Jewelry Co., Ltd.» компанияларының бас директорлары қарсы алады.
Осыған байланысты 22-23 қыркүйекте Автошеру қатысушыларын қалаға кіреберісте қарсы алу, «Арай» саябағында ҚХР ең үздік скрипкашыларының бірі Шен Чжунго және жапон пианисі Сета Хироконың қатысуымен концерт жоспарланған. Сонымен қатар, Ramada Plaza Astana қонақүйінің «Абай» залында «Инвестициялар, Индустриалды Саябақтар және Астана- ЭКСПО 2017» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.