Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да мақтаралдық диқандар қауын-қарбыздан рекордтық өнім жинады

ОҚО-да мақтаралдық диқандар қауын-қарбыздан рекордтық өнім жинады

0

Бүгінге дейін 150 мың тоннадай дәмі тіл үйіретін сары қауын мен тырсылдап піскен қарбызын тұтынушыларына жіберіп үлгерді.  Ескере отырыңыз, бұл өңірде қауын-қарбызды қара күзге дейін жинайтын етіп, кестемен егеді. Демек, алда тағы да бір рекорд бар деген сөз.

Өнімнің басым бөлігін Ресей мен Белорусь Республикасына жіберіп жатыр. Сол жаққа тасымалды жеңілдету үшін логистикалық орталық салуды бастапты. Ұзындығы бір метрге жететін қауынның Мырзашөл сорты ертеректе тәтті дәмімен әлемге танылған болатын. Бүгінгі сұраныс басқа.  Тасымалға ыңғайлы болуы үшін сол сортты будандастырып, қорапқа сыятындай етіп өсірген.

Ердәулет Қазыбеков, диқан

-Бұл Жиенбай қауынының бір жақсы жері дәмі тәтті, жолға бейімді, ұзақ жолға шыдай береді. Және коробкаға сыйымды. Бір коробкаға 5-6 қауын сияды.

Мұның өзіндік құпиясы бар. Мырзашөлдік диқандар қауын-қарбыздың 100 мың тоннаға жақынын, ол 5 миллиард теңгедей болады кедендік Одақ елдеріне жіберіпті. Ол жақтан сұраныс жыл сайын артып келеді екен.

Станислав Каспаров, кәсіпкер

-Мақтаралды қауынның Отаны деп санаймыз. Бұл жердің қауынының дәмі ерекше. Сол себепті де Мәскеу мен Минск қалалары осы жердің қауынына тапсырыс береді. Осы жерден жеткізіп тұрамыз.

Биыл ауа райының ыңғайы мен нарықтың жағдайы мақтаралдық диқандар үшін дұрыс болып тұр. Өнімділік жақсы, баға біршама қымбат және көрші мемлекеттердегі валюта бағамы біздің сол жақта сатуымызға тиімді.

Оразалы Бақтияров, диқан

-Былтыр 15-20 теңгеден өткізген күндеріміз болған. Биыл қазір 90-100 теңгеден килограмы. Жақсы қауын, сортталған қауын, коробкаға салынғаны 90-100 теңгеден болып жатыр.

Мақтарал ауданында биыл 23,5 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілді. Алғашқы піскендерін үзіп, сатылымға жіберді. Енді шілденің қауыны пісіп жатыр.

Ресей мен Белорусьқа күніне қауын тиеген 20 шақты көлік кетеді. Соларға арнап логистикалық орталық салынып жатыр.

Жамантай Бейсенбаев, Мақтарал ауданының әкімі

-Мұның жанында 5 мың тонналық қойма болады. Сосын келген адамдардың жататын жері болады. Одан басқа бұлардың барлық құжаттарын рәсімдейтін пункттің құрылысына жоба жасадық. Биыл оның құрылысын бастаймыз.

Келесі айдың соңында Мырзашөлде ерте пісетін өнімі жиналып, кейін қауын егілген алқаптан өнім жинала бастайды.

Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұсатов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here