Omir Art Studio дизайнерлік тігін студиясы шығармашылық байқау жариялайды!
Мақсаты: Қазақ тілінде тігін және қолөнер саласындағы контенттер санын арттырып, қазақы нақыштағы бұйымдарды кеңінен насихаттауға атсалысу;
Байқау шарттары:
- Байқауға кез келген жастағы қызығушылық танытқан тұлға қатыса алады;
- Қатысушы өзі қалаған форматта (жазба, видео) авторлық материалын press@gmail.com электронды поштасына жолдайды;
- Материалдар 2016 жылғы 7 тамызға дейін қабылданады;
- Мақала/сюжет көлеміне шектеу қойылмайды;
- Материалдар өңделмейді және қайтарылмайды;
- Барлық материалдар Jas.kz ақпараттық-танымдық сайтында жарияланады.
- Бір автордың бірнеше материал жіберуіне рұқсат.
Байқауға қатысатын мақалалар мен видеоматериалдар төмендегідей тақырыптарда болуы шарт (жанрға шектеу жоқ):
- Құрақ құрау (тарихы, ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, түрлері және т.б.);
- Үй жиһаздарын тазалауға, жасауға, сәндеуге арналған пайдалы кеңестер/лайфхактар;
- Қазақтың ою-өрнегі (түрлері, тарихы, мағынасы, қолдану аясы, заманауи өзгеріске ұшырауы және т.б.);
- Киім мен үй интерьеріндегі түстер үйлесімі;
- Тігу және кестелеу өнері;
- Мереке-қуанышқа арнайы тігілетін құрал-жабдықтар (қыз жасауы, дорба, қоржын, ақ жол және т.б.);
- Ұрпақ сабақтастығы;
- Тігінші немесе кесте шеберімен сұхбат.
Байқау материалдарын бағалау шарттары:
Байқау қорытындысы 10 тамыз күні шығарылады.
Ең көп қаралым жинаған 5 материал ішінен Jas.kz редакциясы ұжымы жеңімпазды анықтайтын болады.
Байқау жеңімпазына Omir Art Studio дизайнерлік тігін студиясы ерекше оюмен кестеленіп, арнайы әзірленген екі жастық табыстайды.