Алматы облысы, Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында жастар аллеясы ашылды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген демалыс орнында тұрғындар үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Балаларға арналған ойын және футбол алаңымен қатар, велосипед жолына да айрықша көңіл бөлінген. Жаңадан ашылған демалыс аймағы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін оң септігін тигізбек дейді, жергілікті билік өкілі.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Алакөл ауданында 15 мыңнан астам жастар бар. Биылдың өзінде ауданға 18 маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келді. Оларға 2 млн 672 мың теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы берілді. Және 8 маманға 25 млн теңге көлемінде тұрғын үй алуға несие берілген.