Домой Жаңалықтар Білім ОҚО-да тәрбие ісі жөніндегі педагогтар бас қосты

ОҚО-да тәрбие ісі жөніндегі педагогтар бас қосты

ОҚО-да тәрбие ісі жөніндегі педагогтар бас қосты

cba7857b4da55eb0cb334e28bba934ea_lОңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында «Мектеп — жарқын болашақтың айнасы, шәкірт — келешектің тұтқасы» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік семинары өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ағартушының атындағы орта мектепте Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай «Мектеп — жарқын болашақтың айнасы, шәкірт — келешектің тұтқасы» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік семинары өтті.

Семинардың мақсаты ұлы ағартушы — Ы.Алтынсариннің 175 жылдығы, ұлылар ұлағатын үлгі еткен, білікті ұстаздар мен білімді оқушылар Ыбырай әлемін асқақтатып, шығармаларын талдап, өлеңдерін оқуға және тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында тарихи білімдерін толықтыруға, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға негізделген. Семинар мақсатына сәйкес бағдарлама түзіліп, «Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік-теңдігім», «Кел, балалар оқылық!», «Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым!», «Балалар — әдебиетінің атасы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, сабақтар барысында Ы.Алтынсариннің өмір жолына шолу жасалып, шығармалары мен аудармаларынан көріністер көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мәнін тереңірек ашып көрсету мақсатында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты бейнеоролик көрсетілді. Семинар соңы «Мұғалім ісі- тарихтағы ең ұлы істің бірі» атты мерекелік іс-шараға ұласты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here