Домой Қоғам Алматы Алматы-Талдықорған тас жолының құрылысы аяқталуға жақын

Алматы-Талдықорған тас жолының құрылысы аяқталуға жақын

Алматы-Талдықорған тас жолының құрылысы аяқталуға жақын

20161017173952Алматы-Талдықорған тас жолының құрылысы аяқталуға жақын деп, хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аталған жоба бойынша тас жолдың 245 шақырымы жаңартылады. 2013 жылы басталған жобаның қазір 223 шақырым жолы толықтай жаңа талап бойынша қайта салынды. Енді қалған 22 шақырымға жұмыстар жүргізіліп жатыр деп мәлім етті, Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев.

Сондай ақ басқарма басшысының мәліметінше, жалпы Алматы Талдықорған тасжолының құрылысы 2017 жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс.

Алматы мен Қапшағай арасы алты жолақты болса, Қапшағайдан Талдықорған шаһарына дейінгі жол 4 жолақты. Қазіргі таңда магистральдің бір жақ бөлігі пайдалануға берілді. Осының өзі жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы жағдай туғызды. Ал, алдағы уақытта дәл осы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі жолдың құрылысы басталады. Қазіргі таңда есеп-қисап, жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here