Домой Қоғам Алматы Алматы облысы Балқаш ауданында ет өндірісінің экспорттық әлеуеті жоғары

Алматы облысы Балқаш ауданында ет өндірісінің экспорттық әлеуеті жоғары

Алматы облысы Балқаш ауданында ет өндірісінің экспорттық әлеуеті жоғары

img_0338«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 61-қадамында «Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау» мәселесі айтылған. Алматы облысының Балқаш ауданында ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында мал шаруашылығы саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Өтес Био Азия» ЖШС және «Динара Ранч» ЖШС иеліктерінде әрқайсысында 5000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау кешендері жұмыс атқарып тұр. Аталған кешендерде бүгінгі күнге дейін 13200 бас ірі қара бұқашықтары бордақыланса, «Бірлік» агрофирмасында 200 бас мал бордақыланып, ішкі нарыққа жыл басынан 1038 тонна сиыр еті өткізіліп, ақшаға шаққанда 1141,8 млн. теңгені құрады. Ал 9 ай уақыт ішінде 10800 тонна тірі салмақта мал еті өндірілген. Бул туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте аудан әкімі БАҚ өкілдеріне Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпеисов айтты.

Сонымен қатар, Жақсылық Үшкемпіровтың иелігіндегі «Жақсылық» шаруа қожалығында мал бордақылау жұмыстары жолға қойылып, Қырғызстан Республикасына 80 тонна ірі қара етін экспортталған. Мұның сыртында Береке ауылында орналасқан «Дарқан» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 12 млн. теңгеге 200 бас малға арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізуде.

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешені өнімдерін өндіру, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану жобасы бойынша «Жанұялық бордақылау алаңдары» бағдарламасының аясында Бақбақты ауылдық округінде «Игілік-2009» шаруа қожалығы 30 басқа, жеке кәсіпкер «Кәусар» 50 басқа, Бақанас ауылдық округінен «Аңсар» шаруа қожалығы 40 басқа арналған жанұялық бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here