Астана қаласының жастар саясасаты мәселелері басқармасының бастауымен 26-27 қазан күндері «»Экология. Туризм. Әлеуметтік желілер» өзекті мәселелері бойынша жастар арасында семинар-тренинг өтуде.
Бұл іс-шара Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының қарсаңында жастар арасында экология, туризм және әлеуметтік желілер атты өзекті мәселелерді талқылау алаңын жасау мақсатында өткізілуде.
Семинар-тренингке елорданың жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. Бірінші күні қатысушылар арасында өзекті мәселелер бойынша талдау, әлеуметтік негіздер бойынша зерттеліп, жобалар таныстырылды.
Екінші күні студенттер дайындаған жобаларын қазылар алдында қорғайды.