Домой Қоғам ОҚО ОҚО әкімі израильдік инвесторлармен кездесті

ОҚО әкімі израильдік инвесторлармен кездесті

ОҚО әкімі израильдік инвесторлармен кездесті

izrailБүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Аталған компанияның президенті – негізін қалаушы Хаим Тайбпен болған әңгімеде тараптар қос мемлекет – Қазақстан мен Израильдің түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оңтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Басқосуда Ж.Түймебаев компания басшылығын Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталық пен консультативтік – диагностикалық емхананың құрылысы, «ақылды» автотұрақ, балық шаруашалығын дамыту, Сарыағаш ауданындағы агробақ жоспары мен сүт жинауға арналған логистикалық орталықтың жұмыстарын ұсынды.

Израиль мемлекетінің ауыл шаруашылығы, медицина, өнеркәсіп сынды бірқатар салаларда әлемдік көшбасшы екенін айтып, осы істердің Оңтүстікте де қанат жаюы қажеттігіне тоқталған Жансейіт Қансейітұлы өңірімізде шетелдік кәсіпкерлердің жұмысын дамытуға әкімдік тарапынан қажетті қолдаулардың жасалатынын жеткізді.

 Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысына сапары аясында аталған компания өкілдері өңіріміздегі кәсіпкерлік нысандарын аралап, ауыл шаруашылығы саласы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді байқаған болатын. Қонақтар облыс аумағындағы көлік-логистикалық аймақтар мен ауыл шаруашылығының  дамуына қызығушылық білдірген.

Айта кетейік, әлемдік нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «YR-Mitrelli Group» серіктестігі кең ауқымды, ұзақ мерзімді жобаларды әзірлеп, жүзеге асырумен айналысатын ірі компания болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік денсаулық сақтау, су, энергетика, білім беру, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда еңбек етеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here