Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен кездесуге Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының басшылары, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.
Оңтүстік өңірінің жаңа әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевпен алғашқы кездесуі ретінде ұйымдастырылып отырған бұл жиынның негізгі мақсаты – өңірдегі мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу барысымен танысу, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдай отырып, алдағы кезеңдерде бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру жайын талқылау.
Айта кетейік, облыста 20 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың аудандар мен мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектептері бар. Өңірде жыл сайын әр этномәдени бірлестік өзінің тілі, мәдениеті және дәстүрі күндерін атап өтуде. Сонымен қатар, белсенді этнос өкілдері жыл сайын облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығымен марапатталуда.
Сонымен қатар, биылдан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясына жаңа функционалдық бағыттар жүктелді. Олар:
- Қайырымдылықты үйлестіру;
- Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестерінің қызметі;
- Медиация желісін дамыту.