Домой Қоғам ОҚО Сайрам ауданының жетістіктері бойынша брифинг өтті

Сайрам ауданының жетістіктері бойынша брифинг өтті

Сайрам ауданының жетістіктері бойынша брифинг өтті

14713522_1678995175762286_3308323100218655863_nБүгін Аймақтық коммуникациялар орталығында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында аудан жетістіктері бойынша Сайрам ауданының әкімі С.Сапарбаев баспасөз брифингін өткізді.

«Баршаңызға белгілі, биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесінен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Біз бақытты ұрпақпыз, керемет кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бабаларымызға арман болған Тәуелсіз елде балаларымыз бақытты шақты бастан өткізуде. Экономикамыз қарыштап дамып, елімізде саяси тұрақтылық қалыптасты. Татулықты ту етіп, дамудың даңғыл жолына түстік. Қалыптасқан мемлекеттен – Мәңгілік Елге бет түзедік. Шекарамызды шегелеп алдық. Осының бәрін Елбасымыздың ерен еңбегімен байланысты десек артық айтқандық емес.

Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде сансыз баптар мекені, киелі Сайрам ауданы да өсіп-өркендеп, еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Ендеше, Сайрам ауданының тарихы мен Тәуелсіз жылдары жеткен жетістеріне қысқаша тоқталып өтсек.

Сайрам ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі. Ауданның тарихы 1928 жылдан басталады. Сол жылы қаңтардың 17-де Манкент-Сайрам ауданы шаңырақ көтеріп, әкімшілік орталығы Манкент ауылы болды, ал маусым айынан орталық Сайрам ауылына көшірілді. 1930 жылғы желтоқсанның 17-де Сайрам ауданы қайта құрылды, 1934 жылы ауданның әкімшілік орталығы Белые Воды селосы, 1997 жылдан Ақсу ауылы деп аталды.

Аудан орталығы Ақсу ауылы облыс орталығы Шымкент қаласынан  7 шақырым қашықтықта, Ақсу өзенінің оң жақ жағалуында орналасқан.

Тоғыз жолдың торабы саналатын аудан орталығы арқылы халықаралық «Алматы-Бішкек-Ташкент-Орынбор» магистралы мен «Алматы-Ташкент-Мәскеу» темір жол желісі өтеді. Яғни, ежелгі «Жібек жолының» бойындағы керуен сарайлары мен әйгілі көне Сайрам жерін халықаралық маңызға ие аймақтардың қатарына жатқызуға болады.

Ауданның дамыған гидрографиялық жүйесі бар. Аудан аумағынан өтетін үш өзен мен бірнеше шағын көлдер негізгі суландыру көздері болып табылады. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік жылы суы арқылы Республика көлемінде «Манкент» шипажайы жақсы танымал.

Сайрам ауданы халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, этнодемографиялық жағдайы  күрделі, әрі даму потенциалы  аса жоғары, көпұлтты аймақ. Ауданның аумағы 114761 га, 11 ауылдық округті біріктіретін 42 елді мекен бар. Статистикалық мәліметке сәйкес, халық саны 1991 жылы 195,0 мың адам болса, 2013 жылы 319,8 мың адамға жеткен, немесе өсімі 64,0% құраған. «Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 24.12.2013 жылғы №371 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 10.12.2013 жылғы  №21/177-V Бірлескен шешіміне сәйкес, ауданның 6 ауыл округі, 31 елді мекенімен 2014 жылы Шымкент қаласының аумағына өтіп, ауданда статистикалық мәліметке сәйкес 195,5 мың адам қалды. Бүгінгі таңда, яғни 2016 жылдың 1 қазанына халық саны екі жүз мыңнан асты. Бұл жалпы облыс халқының 7,0%.

Ауданның жалпы өңірлік өнімі 1998 жылы 3,8 млрд. болса, 2016 жылы 90,3 млрд. теңгеге жетіп, 23,7 есеге өсті. Ауданның  жалпы өңірлік өнімі жан басына шаққанда 449,3 мың. теңгеге жетті.

Инвестиция

2008 жылы ауданда негізгі капиталға 6,5 млрд.теңге инвестиция тартылса, 2015 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 20,0 млрд.теңгені құрды, яғни 2008-2015 жылдар аралығында 3,0 есеге артқан.

Бюджет:

Аудан экономикасының негізгі көрсеткіші болып табылатын жергілікті бюджет  2016 жылдың жоспары 21 млрд. 453,2 млн. теңге болса, 1996 жылы 547,6 млн теңгені құраған. Салыстырғанда 39,2 есеге өсті. 

Өнеркәсіп:

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы.         1991 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн.теңгенің өнімін өндірсе, 2015 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 18194,0 млн.теңгеге жетіп отыр, бұл көрсеткіш 8,1 есеге артқан. Ал 2016 жылдың 8 айында 13962,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсімі 28,2% құрады. 

Бүгінгі таңда аудан өнеркәсібі саласы 1,0% кен және карьерлерді қазу саласынан, 68,2% өңдеу өнеркәсібінен, 30,8% электр, газ, су пайдалану. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы 78,2% тамақ өнімдері өндірісінен, 1,1% киім тігу өндірісі өнімдерінен, 2,2% құрылыс индустриясы, 13,3% машинажасау және басқа салалардан құрылған.

Статистикалық деректер бойынша ауданда 58 өнеркәсіп мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде: 11 орташа, 41 шағын және 6 қосалқы кәсіпорындар.

Индустрияландыру картасына инвестиция көлемі 5,0 млрд.теңгелік 8 жоба енген, оның 6 жобасы іске қосылып, өнім өндіруде.

2016 жылдың 9 айында: сүт өнімдерін өндіретін «Сайрам сүт» ЖШС – 1400 тонна, электр сымдарын өндіретін «KaZ tel» ЖШС – 2800 шақырым кабель,  қуаттылығы 1мВт күн электростанциясы «Ақсу Энерго»- 1 МВт, «Жеміс және көкөніс консервілерін өндіретін» «Глобус плюс» ЖШС- 1,7 млн.банка өнім өндірген, өнеркәсіптік үлгідегі интенсивті бау «Грейн Ленд» ЖШС және тамыз айында ет өңдейтін комбинат «Қайып ата» ЖШС іске қосылып жұмыс істеуде. 2017 жылы Индустрияландыру картасына енген құрылыс индустриясы саласындағы 2 жоба: «Конус и К» және «Керемет сапа» ЖШС кәсіпорындарының іске қосылуы күтілуде.

Шағын кәсіпкерлік:

Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы дамыған. 2016 жылдың 8 айында ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13483 бірлікке жетті, оның ішінде 521 заңды тұлға, 6406 шаруа қожалықтары, 6566 жеке кәсіпкер тіркеліп, оларда 23702  адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 1995 жылы 473,0 млн.теңгенің өнімі өндірілсе, 2015 жылы  өндірген өнім көлемі 40652,0 млн. теңгені құрап, 8,6 есеге өскен. 2016 жылдың 8 айында 37945,0 млн.теңнің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсімі 13,1% құрады. Бұл салада 1995 жылы кәсіпкерлік субъектілер саны 3403 бірлік болса, 2015 жылы саны 14039 жетті, немесе 4,1 есеге артқан. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 1995 жылы  9,9 мың адам болса, 2015 жылы 22,4 мың адам жұмыспен қамтылған, немесе 2,3 есеге артқан. 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция ауданның экономикасының өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Талдау жасау нәтижесінде ауданда 2008 жылы 6527,5 млн.теңге инвестиция тартылса, 2015 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 19088,7 млн.теңгені құрды, яғни 2008-2015 жылдар аралығында 3,0 есеге артқан. 2016 жылдың 8 айында инвестиция көлемі 6784,7 млн.теңгені, 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 46,7% құрады.

Ауданда микрокредиттік ұйымдар арқылы 2016 жыл басынан 1811 жобаға 1088,5 млн.теңге көлемінде несие берілген. («Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум»  арқылы 15 жоба — 310 млн.теңге, «Ырыс» МКҰ арқылы 38 жоба — 86,0 млн.теңге). «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 9 айда 1,3 млрд.теңгеге 8 жоба қолдау алған. 

Туризм:

Туризм инфрақұрылымы нысандары егемендік алғанға дейін жұмыс істемеген. Қазіргі таңда, туризм саласына ерекше көңіл бөлініп, ауданның табысты бизнес түрінің біріне айналды. Ауданда Абылай хан ат басын тіреген Ханқорған төбесі бар. Сондай-ақ Сиқым баба, Жаныс баба кесенелері де халық игілігі үшін жұмыс жасауда.

Сайрам ауданы қалаға жақын орналасқандықтан Ақсу, Машат, Арыс өзендері мен Көлкент және Қырықкөл деп аталатын көлдер бойында демалыс нысандары көптеп бой көтерген. Келушілердің саны да жыл санап артып келеді.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша:

  Аудан тұрғындарын мал және егістік өнімдерімен қамтамасыз ететін аудан экономикасының негізгі салалардың бірі – ауыл шаруашылығы.

  1991-2016 жылдар аралығында барлығы 610 га. жерге алма бау егілді.

Жаңа технология

2009 жылдан бастап тамшылату технологиясы енгізіліп 516 га жерге жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. 2016 жылы 20 га жерге енгізілді. Слайд 9

Жеміс-жидек сақтайтын қоймалар

Ауданда Ақбұлақ а/о 500 тн, Аксукент 3460 тн, Қарамұртта 500 тн, Қарабұлақта 2760 тн, Көлкент 4500 тн жалпы 11720 оның ішінде: тоңазытқышпен 460 тн Ақсукент ауылында, 11260 тн тоңазытқышсыз қоймалар. 

Мал шаруашылығы:

Ірі қара мал саны 1991 жылы – 61444 болса, 2016 жылы — 151545 басқа жетіп, 2,4 есеге өсті.

Қой – ешкі саны 1991 жылы 65584 болса, 1996 жылы – 78994 бас болған, ал, 2016 жылы — 99000 басқа жетіп, 150 %-ды құрады.

Жылқы 1991 жылы 6500 болса, 1996 жылы – 7849 бас болған, ал 2016 жылы — 37330 басқа жетіп, 574 %-ды құрады. 

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру:

Ет өнімі 1991 жылы – 6880 тонна, 2016 жылы -21000 тоннаға жетіп, 3 есеге өсті.

Сүт өнімі 1991 жылы – 40684 тонна болса, 2016 жылы -160000 тоннаға жетіп, 2,8 есеге өсті.

Жұмыртқа 1991 жылы – 98500 болса, 2016 жылы – 142000 мың данаға жетіп, 1,4 есеге өсті.

Жүн 1991 жылы — 197 тонна, ал 2016 жылы -224 тоннаға, немесе 137 %-ға өсті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Республикада ірі қара мал еті экспорты әлеуетін арттыру туралы» берген тапсырмасына сәйкес ауданда мүйізді ірі қара мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Ауданға 2011-2016 жылдарда 86 бас етті бағыттағы асыл тұқымды бұқа, 1450 бас тауарлы аналық сиыр мен құнажындар.

Бұрынғы 11 кеңестік шаруашылық таратылып жекешелендіру өтті. Бүгінгі таңда 6100 шаруа қожалығы, 89 өндірістік кооператив, 17 ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысып отыр.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялауға 2007-2015 жылдары 4 млрд 810 млн. теңге субсидия берілген.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011-2016 жылдары 96 млн. теңге берілген.

Сайрам ауданында 2001-2016 жылдары АШТӨ-мен 510 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары алынған.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда бірінші кезекте аудан тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу жолдарының бірі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, отандық өндірістің қажетті көлемін өндіру, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын кеңейту болып табылады. Күнделікті халыққа қажетті тамақ өнімдерінің 20 түрінен Сайрам ауданында қант және тазартылған күріштен басқа 18 түрі өндіріледі. Тамақ өнімдерінің 11 түрі ауданда артығымен өндіріледі.

Сәулет-құрылыс саласы бойынша:

Аудан көлемінде 32 елді мекендердің бас жоспарлары жасалынды. Қалған 10 елді мекеннің бас жоспары 2017 жылдың аяғына дейін аяқталады.

Ақсу ауылының бас жоспарына сәйкес 2014 жылы көлемі 230 га жер учаскесіне егжей тегжейлі жоспарлау жобасы жасалған болатын. Жоспар бойынша 52 дана 5 қабатты, 113 дана 4 қабатты, 57 дана 3 қабатты тұрғын үй (жалпы пәтер саны-6858), 7 — бала-бақша, 3 – мектеп, 2 – емхана, 1 – өрт сөндіру бөлімін орналастыру жоспарлануда.

Одан бөлек, Қарабұлақ ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер мәселесін шешу үшін 2016 жылы аудандық бюджеттен 4,8 млн. тенге көлемінде қаржы қаралып, көлемі 100 га жер учаскесіне «АрхНанаПроект» ЖШС-і тарапынан жобалау жұмыстары жүргізуде. Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылы аумағынан қосымша 140 га жер телімі анықталып, «ҚазНұрПроект» ЖШС-і тарапынан егжей тегжейлі жоспарлау жұмыстары басталды.

Қайнарбұлақ ауылдық округінен көлемі 54,0 га жер учаскесі анықталып, елді мекеннің оңайтылған бас жоспарына сәйкес жоспар жасау үшін аудандық бюджеттен 11,0 млн.тенге көлемінде қаржы қаралып, конкурс жарияланды.

Инфрақұрылым саласы бойынша:

Ауыз су саласында:

Тәуелсіздік алған жылдары 10 елді мекенде ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, 53126 адам таза суыз сумен қамтылды.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 42 елді мекеннің 36-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілсе, 5 елді мекенге  ауыз су кестемен беріледі, 1 елді мекен тасымал суын пайдаланып отыр.

Ауыз су мәселесі шешілмеген 6 елді мекеннің 4-нің мәселесі 2017-2019 жылдары шешіледі, ал 2 елді мекеннің жер асты су қорын зерттеу жұмыстары жүргізілуде:

Құдық суын пайдаланып отырған Құтарыс ауыл округі Қызылжар елді мекенінің  жерасты су қорына зерттеу қорытындысы алынып, жобалық сметалық құжаттарын дайындауға қажетті 2,7 млн.теңге 2017 жылғы бюджет жобасына енгізілді. Қарасу ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысына республикалық бюджеттен 962,5 млн.теңгеге бюджеттік кредит алынып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Манкент ауылын (сметалық құны -2100,8 млн.теңге) сумен жабдықтау желілері құрылысына 2017 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Қарабұлақ ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысының жобалық сметалық құжаттарын  дайындауға  облыстық бюджеттен 34,4 млн. теңге қаралды, құрылысы 2018-2019 жылдарға жоспарланған.

        Табиғи газ:

Аудандағы 42 елді мекендердің 24-і табиғи газбен қамтылмаған. Тұрғындарды табиғи газбен қамту пайызы 59,6 (36075 тұрғын үйдің 21504 тұрғын үйі газбен қамтылған).

        Табиғи газбен қамтылмаған 24 елді мекенді (14571 тұрғын үй) толық газбен қамтудың шешу жолдары:

       — Қарабұлақ елді мекенін газдандыру құрылысы 2013-2016 жылдары жүргізілуде, биылғы жылы толық аяқталып, 43,1 мың адам газбен қамтылады, нәтижесінде аудан халқының газбен қамту деңгейі 59,6%-дан 80,3%-ға өседі;

       — 7 елді мекен бойынша газдандыру құрылысының жобалық сметалық құжаттары дайын, құрылыс жұмыстарына 1851,6 млн. теңге қажет, 2017 жылы облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс берілген, 2017-2018 жылдарға іске асыру жоспарлануда;

        — 2016 жылы 8 елді мекеннің газдандыру құрылысының жобалық сметалық құжаттары 23,2 млн. теңгеге дайындалуда;

        — 2017 жылы 10 елді мекенді газдандыру құрылысының жобалық сметалық құжаттарын дайындау үшін: аудандық бюджеттен 7 елді мекенге 30,8 млн. теңге жоспарлануда, 3 елді мекенге 41,0 млн.теңге облыстық бюджетке ұсыныс берілді.

Елді мекендерді газдандыру құрылысына жоғарғы бюджеттен қаржыландыру 2017-2019 жылдары толық шешілген жағдайда, 2021 жылы аудан халқы 100 пайыз газбен қамтылатын болады.

Инфрақұрылымды дамыту:

«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, 2017 жылы инфрақұрылымды дамыту мақсатында (ауыз су құбыры, электр желісі, жол құрылысы, табиғи газ құбыры), 7 елді мекеннің жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 285,2 млн.теңгеге облыстық бюджетке ұсыныс берілді. Инфрақұрылым жүйелері жүргізілген жағдайда Манкент ауыл округінде кезекте тұрған 80 отбасының, Арыс ауыл округінде – 152 отбасының, Қарасу ауыл округінде 1674 отбасының тұрғын үй мәселесі өз шешімін табады.    

      Абаттандыру:

      Ақсу ауылындағы Қарабұлақ тас жолы және Шаймерденов көшелері  «Манкент» шипажайына баратын жол, Сұраншы батыр және Иманалиев көшелері аудан орталығындағы халық көп шоғырланған көшелер болғандықтан көшелерді көріктендіру және абаттандыруға облыстық бюджеттен 166,3 млн.теңге қаржы қарастыруға ұсыныс берілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 182 жаңа жұмыс орны ашылады.

      Қарабұлақ ауылы тіректі елді мекен болғандықтан Далабазар көшесін көріктендіру және абаттандыруға облыстық бюджеттен 503,9 млн.теңге қаржы қарастыруға ұсыныс берілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 140 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жол мәселесі:

Сайрам ауданы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль  жолдарының ұзындығы 1167,2 шқ құрайды:

— республикалық маңызы бар жолдар 22 шақырымы, техникалық санаты I, оның ішінде жабынды түрлері бойынша: асфальтобетон  22 шқ, ағымдағы жағдайы жақсы;

— облыстық маңызы бар жолдар 172,7 шқ, техникалық санаты III, оның ішінде жабынды түрлері бойынша: асфальтобетон – 172,7 шқ, жағдайы қанағаттанарлық – 147,7 шқ, қанағаттанарлықсыз – 25 шқ;

 — аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 88,2 шқ, техникалық санаты IV, оның ішінде жабынды түрлері бойынша: асфальтобетон – 82,2 шқ, шағалтас – 6 шқ, қанағаттанарлық — 48,7 шқ, қанағаттанарлықсыз – 39,5 шқ;

— ішкі шаруашылық автомобиль жолдары ұзындығы 884,3 шқ, техникалық  санаты V,  асфальтобетон 370,8 шқ, шағыл тас 459,1 шқ, топырақ 54,4 шқ., қанағаттанарлық — 514,0 шқ, қанағаттанарлықсыз – 371,0 шқ. 

2016 жылы 29 көшенің 28,8 шақырым жолдары 295,7 млн.теңгеге орташа жөндеуден өтті (аудандық бюджет — 20 көше/200,2 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы — 6 көше/48,4 млн.теңге, ауыл округінің өзін-өзі басқару шоты — 3 көше/47,1 млн.теңге).Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 1 802,9 млн. тенгеге 3 облыстық маңызы бар жолдардың 19,8 шақырымы қайта құру және бір көпірдің күрделі жөндеу жүргізілуде. (КХ-41 «Қарасу-Қызылту–Сайрам» жолының 0-15 шақырым аралығын орта жөндеу, КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-қала қоқыс орны» жолының 2,3-7,1 шақырым (4,8 шқ) қайта құру; КХ-38 «Қайнарбұлақ-Қызылқышлақ-Ақсу-Манкент» жолының  6 шақырым көпірдің күрделі жөндеу). Слайд 19

Жол қауіпсіздігін сақтау және алдын-алу мақсатында 2016 жылы халық тығыз шоғырланған орындарға аудандық бюджет есебінен 36,1 млн.теңгеге 13 бейне бақылау камералары (5-куполды, 8–стационарлы)  орнатылды.

Білім саласы бойынша:

Ауданда 81 білім мекемелері жұмыс атқаруда. Олардың 72-сі мектептер, 3-уі мектептен тыс мекеме, 1 оқу өндірістік комбинаты, 1 балаларды туберкулез ауруынан сауықтыру үшін санатория үлгідегі балабақшасы, 12 мектепке дейінгі мемлекеттік балабақша жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 51 типтік мектеп, 21 бейімделген мектептер бар. Тәуелсіздік жылдары 30 типтік мектеп және 3 балабақша салынып, 32 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар, қазіргі таңда 12 мемлекеттік балабақшада 1720 орын, 16 мектеп жанындағы шағын орталықта 551 орын және 54 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде мектепке дейінгі мекемелерде 6572 орынмен, жекеменшік балалар есебінен 829 орын барлығы 9672 бала қамтылып, жұмыстарын жүргізуде.

Әлеуметтік сала бойынша:

Жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 5,3 пайызды құраса, жылма- жыл ауданның жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға төмендеуде.  Орташа айлық жалақы 2016 жылы 96594 теңгеге жетіп, жалпы  38,7 пайызға көбейді.

Ауданымызда «АР-Рахим» мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрылды. Аудан әкімдігінің қолдауымен Қарасу ауылында ғимарат сатып алынып берілді. Оған  демеушілер 12 тігін машинасымен, және басқада құралдармен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі күнге 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішінде: 11 — мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

2002 жылы ауданда кедейшілік деңгейі  5,8 пайызды құраса.      2016 жылы 0,02 пайызды құрап отыр, немесе 5,7 пайызға төмендеді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қазіргі таңға 1750 жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында, жұмыссыз азаматтарды кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында 2012 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін 621 жоба иелеріне 1524,3 млн. теңгеге жеңілдетілген несиелер берілді.

Спорт саласы бойынша:

Дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін қолжетімді спорт ғимараттарының саны 1991 жылы -198 нысан болса, 2016 жылы — 344 нысанға өскен. Сондай-ақ 2 спорт мектебі құрылып, 1 спорт кешені ашылған.

Мәдениет саласы бойынша:

Қазіргі таңда аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйлері (Жібек Жолы, Қарабұлақ, Қарамұрт), 7 ауылдық клуб (Ш.Қалдаяқов, Сиқым, М.Оразалиев, Әсіларық, Құрлық, Манкент, Ақарыс), 1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы және 17 ауылдық кітапхана, жалпы 30 мәдениет ошағы халыққа қызмет етеді. 1991-2016 жылдар, Тәуелсіздіктің 25 жылында Сайрам ауданы бойынша 7 мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өткізіліп, 1 орталық саябақ жаңадан іске қосылды.

Жоғарыда баяндалғандай жеткен жетістіктеріміз бен атқарған жұмыстарымыз Тәуелсіздіктің жемісі екені даусыз. Еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатқан ел Тәуелсіздігіне сүбелі үлес қосу мақсатында сайрамдықтар да жыл басынан бері жоспарлы жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданда жыл басынан бері елді-мекендерде 497 іс-шара өткізілді. Алдағы уақытта тәуелсіздік күніне орай ауданда 149 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы толық ақпарат айтып өттім. Атқарған жұмыстарымыз қаншалықты ауқымды болғанымен алдағы жоспарларымызда соншылықты маңызды», — деп қорытындылады аудан әкімі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here