Домой Қоғам Астана Астанада жастарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Астанада жастарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Астанада жастарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті

c-2«Қазақстанның әр азаматының борышы — ел қорғау» патриоттық акциясының шеңберінде елорда әкімдігінің алдындағы алаңда кеше мерзімдік әскери қызметке шақырылғандарды ҚР Қарулы күштерінің қатарына шығарып салу салтанаты өтті. Шараға төрт мыңнан аса адам, соның ішінде оқу орындарының студенттері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, әскерге шақырылғандардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Акцияны Астана қ. әкімдігі, Қорғаныс істері жөніндегі департамент, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырды.

«ҚР Қарулы күштерінің қатары астаналықтардың жас буынымен толықты. Елорданың орталық шақыру комиссиясы үлкен жұмыс атқарды, онда сарбаздар қатарына ең үздік жас жігіттер іріктелді. Бүгінгі күні  ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету үлкен құрмет», — деп атап өтті Астана қ. әкімінің орынбасары Андрей Лукин.

Шараны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, мерзімдік қызметтен өту үшін Қарулы күштер қатарына 72 жас жігіт іріктеп алынды.

«Бүгін іріктелген 50 жігіт аэроұтқыр әскерлердің десанттық-шабуылдаушы бөлімшелеріне барады. Сондай-ақ, дайындығы ең жақсы 22 жігіт мемлекеттік күзет қызметінің қатарына қосылады. Астанада барлығы 6000-ға жуық азаматты медициналық тексеруден өтті, солардың ішінен 1500-ден астамы іріктеп алынады», — деп атап көрсетті Астана қ. Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Ғани Артықов.

Салтанатты шара барысында Президенттік оркестрдің солистері өнер көрсетті, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қарауыл ротасының әскери дефилесі өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here