Талдықорғанда екі күнге созылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Заманауи сын-тегеуріндер мен қоғамның жаһандану жағдайында Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуеті» атты шараға Түркия, Ресей, Қытай елдерінің профессор, ғалымдарымен қатар жалпы саны 250-ден астам адам қатысты.
Ауқымды жиынның басты мақсаты — еліміздегі білім мен ғылымның әлеуетін арттыру. Осы мақсатта ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Бұдан бөлек, білімді одан әрі жетілдіру мақсатында шетелдегі ЖОО-ң өкілдері 36 мақала ұсынған.
Айта кету керек, халықаралық дәрежедегі конференцияның ұйымдастыушысы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті. Аталған білім шаңырағында 6 мыңға жуық студент 40 мамандық бойынша білім алуда. Ал, оларға 350 аса профессор, ғалымдар дәріс беруде.